Темірлан Ерлановтың қай командаға ауысатыны белгілі болды

12.07.2021, 21:05
Футболшы ертең жаңа клубымен келісім-шарт жасасады.
Темірлан Ерлановтың қай командаға ауысатыны белгілі болды

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Темірлан Ерланов сейсенбі күні «Ақтөбе» клубымен келісім-шартқа отырады.

Жексенбі күні Ерланов «Ордабасы» сапындағы соңғы матчын өткізіп, шымкенттік клубқа Қазақстан Кубогінде «Шахтерді» жеңуге көмектесті. Сейсенбіде ол «Ақтөбемен» келісім-шартқа отыру үшін Ақтөбеге баратын болады. «Шахтер» да қорғаушыға қызығушылық танытқан еді, бірақ тараптар қаржылық шарттар туралы бір мәмілеге келе алмады.

«Ақтөбе» Ерлановтың соңғы 2 жылдағы үшінші клубы болады. Өткен маусымда ол «Тобылдың» намысын қорғады, бірақ ақпанда «Ордабасыға» ауысып, онда мансабының көп бөлігін өткізді. Бұған дейін «Ақтөбе» Қазақстан ұлттық құрамасының басқа ойыншылары - Юрий Логвиненко мен Дмитрий Шомконы қатарға қосу арқылы қорғанысты күшейткен еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×