“Кауно Жальгирис” ойыншысы келер жылы еркін агенттер қатарына кіреді.
Грузиялық вингерге Литва ұжымы жаңа келісім шарт ұсынатын ойы жоқ екен. Сол себептен, футболшының польшалық агенттері Темурға осы бастан жаңа клуб іздестіруде.
27 жастағы ойыншы “Кауно Жальгиристе” 2025 жылдың басынан бері өнер көрсетіп келді. Жалпы Чогадзе литвалық командада 38 ойын өткізіп, 6 гол мен 3 голдық пас берді. Жыл соңына қарай, ол бұл командамен ішкі чемпионатта топ жарып, жеңімпаздар тондосына қол жеткізді.
Бүгінгі күннің мәліметіне сәйкес, Темурға Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан ұсыныстар келіп түсуде екен. Бұған дейін грузиялық молдовалық “Шерифке” ауысуға бас тартқан.
Еске салсақ, Чогадзе 2022/23 - 2024/25 жылғы маусымын еліміздің “Шахтер” мен “Жетісу” клубтарында өткізген болатын.