(transfermarkt.de ақпараты бойынша)
Ендігі кезекте бапкерлердің жылдық табысына тоқталсақ. Польша: Францишек Смуда - 300 мың евро. Чехия: Михал Билек - 200 мың евро. Грекия: Фернанду Сантуш - 500 мың евро. Германия: Йоахим Лев - 2,5 млн. евро. Португалия: Паулу Бенту - 1,5 млн. евро. Голландия: Берт Ван Марвейк - 1,8 млн. евро. Дания: Мортен Ольсен - 390 мың евро. Испания: Висенте Дель Боске - 1,5 млн. евро. Италия: Чезаре Пранделли - 3 млн. евро. Ирландия: Джованни Трапаттони - 1,5 млн. евро. Хорватия: Славен Билич - 160 мың евро. Украина: Олег Блохин - 600 мың АҚШ доллары Швеция: Эрик Хамрен - 400 мың евро. Франция: Лоран Блан - 1,2 млн. евро. Англия: Рой Ходжсон - 2 млн. фунт. Ресей: Дик Адвокат - 7 млн. евро. Ендігі кезекте чемпионаттың ең қымбат футболшыларына тоқталсақ. 1. Криштиану Роналду, €90 млн. (Португалия) 2. Андрес Иньеста, €65 млн. (Испания) 3. Уэйн Руни, €65 млн. (Англия) 4. Франсеск Фабрегас, €55 млн. (Испания) 5. Давид Силва, €46 млн. (Испания) 6. Робин ван Перси, €45 млн. (Нидерланды) 7. Франк Рибери, €42 млн. (Франция) 8. Марио Гомес, €42 млн. (Германия) 9. Лука Модрич, €39 млн. (Хорватия) 10. Бастиан Швайнштайгер, €38 млн. (Германия) Егер, сіз УЕФА сайты арқылы алдын ала тапсырыспен алған болсаңыз, ең арзан билет 30, ал ең қымбат билет 600 еуроға сатылды. Егер сіз интернетте алыпсатар арқылы қазір алатын болсаңыз, ең арзан билет 120, ал ең қымбаты 1600 еуро тұрады. Бұл сандарға қарап отырып, футбол тек ойынға ғана емес, ол бизнес, табыс көзі, идеологияға айналғанын жақсы түсінеміз. Тек осы қаражат өзін қаншалықты ақтауда? Мәселен, орыстар Дик Адвокатқа 7 млн.-ды санап берді. Нәтиже? Яғни, қаражат ысырап болмауы тиіс. Жалпы, чемпионатты өткізіп жатқан Украина мен Польша қарыздың астында қалуы әбден мүмкін. Бүгінде сарапшылар осындай қорытындыларға келіп отыр. Себебі, екі мемлекетте бұл шараға көп қаражат жұмсап қойды. Мәселен, Польша экономикасы Украинаға қарағанда тұрақты болуына байланысты, чемпионатқа 20 млрд. доллар жұмсады. Оның басым көпшілігі әрине, туризм инфраструктурасына инвестицияланды. Алайда, осы қаражаттың тек 200-300 миллионы ғана қайтуы мүмкін, оның өзінде де қаражаттың көп бөлігі мемлекеттік табыс емес, УЕФА мен Ұлттық Футбол одағының табысы болып саналады. Осы ретте, Грекияның мысалын ұмытпаған жөн. 2004 жылы Афиныда өткен Олимпиада ойындарына олар 11 млрд. ақша жұмсап, оның тек 2 миллиардын қайтарған еді. Барлық соғылған инфраструктура тиімсіз әрі шығынды болды. Қазіргі күнде Грекияда не болып жатқанын бәріміз де жақсы білеміз. Мемлекет дефолт жариялауы мүмкін. Ендеше, Украина мен Польша бұл жайтқа аса қатты мән берді деп сенеміз. Өзіңізді қолдап отырған ұлттық құрамаңыз жеңіске жетсін деп тілейміз! Тек алда осындай додаларда өзге елдің құрамасына емес, өзіміздің құрамамызға жақтасатын кез де келсін!http://jaqsy.kz/story/778
Біздің серіктес: FONBET