“Тентек” фанаттар Түркістанға табан тірейді

"Ақтөбе" командасы Премьердің алғашқы турында қолдаусыз қалмайды.

“Тентек” фанаттар Түркістанға табан тірейді

“13 сектор”, “Urpaq Ultras” және “Tentek Ultras” жанкүйерлер тобы бірігіп, 7 наурыз күні “Ақтөбенің” Түркістандағы кездесуінде барынша қолдау көрсетуге дайындалуда. Матчқа бір күн қалғанда, фанаттар Қобыланды батыр стадионынан киелі шаһарға сапар шегеді. Жалпы ақтөбеліктерге “Түркістан Аренаның” Е1 секторы қарастырылған. Билеттің құны 500 теңгеден басталады.

Айта кетейік, “Ақтөбе” командасы Премьер-Лиганың алғашқы кездесулерін өз стадионының дайын болмауына байланысты Түркістанда өткізуге мәжбүр. Клуб 5-турдан бастап, Қобыландыға қайтып оралуы мүмкін.

Николай Костов баптайтын командаға жаңа маусымдағы алғашқы 3-тур оңайға соқпасы анық. Күнтізбеге сәйкес, 7 наурыз күні Ақтөбе Тобылды қабылдаса, 16 наурыз күні экс-чемпион “Қайратта” қонақта болады. Одан кейін команда наурыз мерекесіне орай, семейлік “Елімайды” қабылдап, жеңіске жетудің жағдайын қарастырмақ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×