Тер Штеген “Барселона” дәрігерлерін үйіне кіргізуден бас тартты

08.08.2025, 13:30

Sport.es хабарлауынша, “Барселона” қақпашысы Марк-Андре тер Штеген Бордода жасалған операциядан кейін клуб дәрігерлерін үйіне кіргізуден бас тартқан.

Тер Штеген “Барселона” дәрігерлерін үйіне кіргізуден бас тартты

Футболшы Барселонаға оралған соң, клубтың медициналық штабы оның жеке үйіне барып, сауығу барысын өз көзімен тексергісі келген. Алайда тер Штеген бұған үзілді-кесілді қарсы болып, қандай жағдай болса да дәрігерлердің үйіне келуіне рұқсат бермейтінін ашық жеткізген.

Соған қарамастан, қақпашы тағайындалған оңалту жоспарын толық орындап жүр және клуб базасында жаттығуларға қатысуда. Барлық ем-шаралар мен бақылаулар тек клуб аумағында өтуде.

Бұған дейін “Барселона” тәртіптік тергеуге байланысты Неміс қақпашысынан капитандық таңғышты ресми түрде алғанын хабарлаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×