Теракт жағдайы орын алу қаупіне қарамастан командасын қолдаусыз қалдырмады

“Арсенал” жанкүйерлері Лондонда ұйымдастырылады деген теракт ескертулеріне қарамай, “Эмирейтс” стадионын лық толтырды. 

Теракт жағдайы орын алу қаупіне қарамастан командасын қолдаусыз қалдырмады

Чемпиондар Лигасының 1/4 финалдық кездесулері өз бастауын алмастан бұрын ИГИЛ ұйымы турнир матчтарына кедергі келтіру мақсатында терорлық әрекеттер жасаймыз деп оқталған болатын. Соның бірі Лондонда өтуі тиіс болатын. Абыройға орай, ешқандай қауіп-қатер төндіретін жағдай орын алмады. 

Тәртіп сақшыларына сенім артқан “Арсенал” жанкүйерлері “Эмирейтс” стадионын толтырып, керемет қолдау білдірді. Сол бір қолдаудың арқасында “канонирлер” “Бавариямен” тең тарқасты (2:2).

Айта кетейік, бұл матчқа “Бавария” фанаттары кіргізілмеді. УЕФА қызуқанды немістерді бірқатар тәртіптік нормаларды бұзғаны үшін сырт алаңдағы ойындардың билетін сатпады. Матчқа кіру қағазы “Бавария” футболшыларының жақындарына да қолжетімсіз болды. 

"Арсенал" ФК стадионы 60 704 жанкүйерді құшақ жая қарсы ала алады. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
×