Терезесі тең түсті

16.01.2017, 21:30
Терезесі тең түсті
Англия чемпионатының 21-туры аясында "Манчестер Юнайтед" өз алаңында "Ливерпульді" қабылдады. Ойынның 27 минутында Поль Погба әуедегі допқа қолы тиіп кетіп, өз қақпасына пенальти алып келді. Оны орындаған Джеймс Милнер Давид ДеХеаға допты тосқызбады. Одан кейін есепті теңестіруді көздеген Жозе Моуриньо шәкірттері бірнеше мүмкіндікті мүлт жіберді. Алайда, ойынның 84-минутында қарбаласқан сәтте Златан Ибрагимович баспен соққы бьағыттап, "Ливерпуль" қақпасынан саңлау тапты. Терезесі тең түскен ойыннан кейін "қызыл сойқандар" 40 ұпаймен 6-орынды сақтап қалды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×