Тьерри Анри - "Монако" бас бапкері

14.10.2018, 00:16
Тьерри Анри - "Монако" бас бапкері
Кезіндегі Франция ұлттық құрамасының белді ойыншыларының бірі Тьерри Анри бір кездері өзі футболшы ретінде өнер көрсеткен "Монако" командасына бас бапкер болып сайланды. Леонарду Жардимнің соңғы ойындардағы сәтсіздіктерінен кейін клуб басшылығы осындай шешімге келген секілді. "Монакомен" Анри арасындағы келісім шарт 2021 жылдың жазына дейін. Ал Жардим келісімнің уақытынан бұрын бұзылғаны себепті клубтан жеті миллион евро көлемінде ақша алады. "Монакода" 2014 жылдан бері бас бапкер болып келген Жардим 2016/17 жылғы маусымда "Монаконы" Франция чемпионы қылып, сол жылы Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін жеткізген болатын. Ойыншы ретінде өзін бар қырынан көрсеткен Анри бапкер ретінде де біраз жерге барады деген үміттеміз. Тоғыз ойыннан кейін алты ұпай жинап 18-ші орында тұрған "Монаканы" жаңа белестерге бастауына тілектеспіз. Анридің алғашқы ойыны 20 қазан күні "Страсбурға" қарсы өтеді. Естеріңізге сала кетсек, Анри ойыншы ретінде 1994-1999 жылдар аралығында "Монакода" өнер көрсетіп, 105 ойында 20 мәрте мергендігімен көзге түскен болатын. 1996/97 жылғы маусымда Франция чемпионы атанып, 1997 жылы Франция кубогын жеңіп, сол жылы Францияның ең үздік жас футболшысы болады.

Марғұлан ЖАҚЫП

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×