The Guardian: Месси әлемнің үздік футболшысы

21.12.2019, 19:34
The Guardian: Месси әлемнің үздік футболшысы

"Барселона" капитаны Лионель Месси бұл тізімде де көш бастап тұр.

Англияның The Guardian басылымы өз сайтында 2019 жылдың үздік 100 ойыншысының тізімін жариялады. Биыл аталған басылым нұсқасы бойынша аргентиналық шабуылшы үздік деп танылды.

Месси, ван Дейк и Мане - в тройке лучших игроков 2019 года по версии The Guardian - изображение 1

Ал екінші орынды "Ливерпуль" қорғаушысы Вирджил ван Дейк алса, әріптесі Садио Мане үштікті түйіндеді. "Ювентус" сұрмергені Криштинау Роналду 4-сатыға жайғасқан.

Айта кетейік, өткен жылы бұл жүлде "Реал" жартылай қорғаушысы Лука Модричке бұйырған-ды.

Алғашқы ондық:

1. Лионель Месси ("Барселона")

2. Вирджил ван Дейк ("Ливерпуль")

3. Садио Мане ("Ливерпуль")

4. Криштиану Роналду ("Ювентус")

5. Мұхаммед Салах ("Ливерпуль")

6. Килиан Мбаппе ("ПСЖ")

7. Роберт Левандовски ("Бавария")

8. Рахим Стерлинг ("Манчестер Сити")

9. Алисон Бекер ("Ливерпуль")

10. Френки де Йонг ("Барселона").

Сондай-ақ, жоғарыдағы тізіммен мына жерде толық танысуға болады.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×