Қорғаушы Исаго Сильва қорғаныстың кез-келген тұсында ойнай береді.
41 жастағы атақты футболшы Тиаго Сильваның ұлы небәрі 17 жасында “Челси” ойыншысы атанды.
Исаго жалпы ақсүйектер құрылымында 13 жасынан бері өнер көрсетіп келеді. Осы маусымда ол “Челсидің” U18 командасында бір матч өткізді.
Айта кетейік, Исагоның құрдасы саналатын Дастан Сәтпаев әзірге Энцо Мареска командасымен келісімге келе алмай отыр. АПЛ ұжымы “Қайрат” ойыншысын 18 жасқа толған кезінде ғана қабылдайтын болды.