Тибо Куртуа: «Мессидің таланты басым, Роналдуда атлетизм жақсы дамыған»

15.10.2020, 23:35
Бұл екі ойыншы да Куртуаға бірнеше рет гол соққан.
Тибо Куртуа: «Мессидің таланты басым, Роналдуда атлетизм жақсы дамыған»

Мадридтік «Реал» мен Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуа «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду мен «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси арасындағы бәсекелестік туралы айтты.

«Менің ойымша, олардың екеуі де басқа әлемнің адамдары. Криштиануда атлетизм, күш, жылдамдық бар. Оның гол соғу шеберлігі керемет, дұрыс позицияны таңдау қабілеті бар.

Бұл Мессиге де қатысты. Оның таланты басым, күтпеген жерден екі шаршы метрде төрт қорғаушыны алдап өтеді.

Бірақ оларды салыстыруға болмайды, қайсысы жақсы екенін айта алмаймын. Мен оларға қарсы ойнағаным үшін мақтанамын. Әрине, олардың екеуі де маған гол соқты», - деді Куртуа Cadena Ser басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, Куртуа «Реалға» 2018 жылдың жазында «Челсиден» ауысып келген болатын. Футболшының трансфер құны 35 миллион еуроны құрады. Өткен маусымда 28 жастағы қақпашы Испания чемпионатында 34 ойынға қатысып, 20 гол жіберіп алды. Бельгиялық қақпашының клубпен келісімшарты 2024 жылдың жазына дейін жасалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×