Тибо Куртуа – жылдың үздік қақпашысы

25.09.2018, 17:10
Тибо Куртуа – жылдың үздік қақпашысы
ФИФА Лондон қаласында өткен маусымның үздіктерін марапаттады. Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығы Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуаны өз шебінде үздік деп таныды. 26 жастағы қақпашы Ресейдегі әлем чемпионатында Бельгия құрамасында сапында қола жүлдегер атанған болатын. Сондай-ақ сол турнирдің үздік қақпашысы да осы Куртуаға бұйырған. Ол соңғы 4маусымды «Челси» сапында өткізді. Енді биыл тамыз айында «Реалға» ауысты. Бельгиялықпен бірге бұл номинацияға Каспера Шмейхель («Лестер» / Дания құрамасы) мен Уго Льорис («Тоттенхэм» / Франция) үміткер болған.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×