Тигран Барсегян: «Әр қиындықтан кейін, бір жақсылық болары анық»

02.09.2020, 17:43
Жақын арада бас бапкердің есімін білетін боламыз
Тигран Барсегян: «Әр қиындықтан кейін, бір жақсылық болары анық»

Осы маусымдағы "Астана" көшбасшыларының бірі Тигран Барсегян "Таразға" қарсы ойын туралы пікірімен бөлісіп, алдағы Қазақстан және Армения құрамаларының Ұлттар Лигасы аясындағы ойындарына сәттілік тіледі.

- Өте қиын ойын болды, қарсылас қорғаныста сауатты ойнады. Бізде көбірек гол соғатын мүмкіндіктер болғанымен, оны лайықты пайдалана алмадық. Футболда дәл осындай жағдай болып тұрады. Әр қиындықтан кейін, бір жақсылық болары анық. Осы жағдай жақында орын алып, біз әрі қарай ұпай жоғалтпаймыз деп үміттенемін!

- Сіз соққы бағыттаған кезде Ротариу аяғын қойып қалды. Голды сізге жазбағаны үшін ренжіген жоқсыз ба?

- Жоқ, оған бола ренжіген жоқпын. Біз маңызды екі ұпайды жоғалтып алдық, өте өкінішті. Кімнің гол соққаны ешқандай маңызға ие емес.  

- Қазір команда "Қайраттан" чемпиондық күресте қалып келе жатыр, "Астана" өз қарсыласын қуып жете ала ма?

- Барлығы біздің қолымызда, алда тағы 16 ойын бар - бұл чемпионаттың жартысынан көп. Үзілістен кейін біз ашулы және күшті болып ораламыз деп үміттенемін, өйткені біздің ойыншылар ол уақытқа дейін қалыпқа келіп үлгереді.

- "Астана" Еуропа Лигасы аясында Черногория чемпионы "Будучностьпен" кездеседі. Қарсылас туралы бір нәрсе білесіз бе?

- Бізге өз ойынымызға мән беру қажет! "Будучность" - өз елінің чемпионы, яғни, кем дегенде Черногриядағы мықты ұжым. Оларда футбол жақсы деңгейде. Біз ешқайда ұшып бармаймыз, ойын Қазақстанда өтеді. Сондықтан, қызық ойын болуы тиіс.

- Сізге Ұлттар Лигасы аясындағы Армения құрамасының матчтарында сәттілік тілейміз!

- Рахмет! Мен үшін өз елімнің намысын қорғау әрқашан үлкен мәртебе! Біз өз халқымызды жеңістерімізбен қуантуға тырысамыз! Сондай-ақ, алда екі өте ауыр ойын өткізетін Қазақстан Ұлттық құрамасына сәттілік тілегім келеді!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×