Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Астана" шабуылшысы Тигран Барсегян елордалық клубпен келісім-шартын ұзартпайды.
28 жастағы футболшы "Астанада" 2 маусым өткізіп, команда көшбасшыларының бірі болды және ҚПЛ аясында 43 матчта 10 гол соқты. Бірақ бұл Армения құрамасының ойыншысы үшін елордалық клубтағы соңғы маусым болды. Барсегян келісім-шартты жаңартпай, басқа чемпионатта бағын сынап көргісі келеді. Оған "Слован Братислава" клубы, сондай-ақ Ресей Премьер-лигасындағы командалар қызығушылық танытуда.
Армениялық журналист Роберт Гаспарянның хабарлауынша, Барсегян "Эспаньол" клубымен келіссөздер жүргізуде. Тигран жақын арада медициналық тексерістен өтіп, испаниялық клубпен келісім-шартқа отырады.
Біздің серіктес: FONBET