Тикетоннан билеттерін ала алмай қор болды

15.05.2024, 17:44

“Ақтөбе” командасының жанкүйерлері Тикетон платформасының жұмысына наразы.

Тикетоннан билеттерін ала алмай қор болды

“Ордабасыға” қарсы ойында “Қобыландыны” толтыруды жоспарлаған фанаттар бірнеше күндер бұрын кездесуге билет сатып алған. Алайда көп жанкүйердің поштасына матч билеті келмеген. 

Ал Тикетон платформасының командасы сайттың техникалық себептерге байланысты істен шыққанын хабарлап, бар олқылықтың орнын түзетуге уәде берді. 

Жалпы Тикетон сайтына “Ақтөбе” - “Ордабасы” ойынына билет сатып алу үшін 72 мың адам кірген деген ақпарат бар. Сол себептен платформа шамадан тыс жүктелуі мүмкін. 

“Ақ-қызылдар” жанкүйерлері “Уикомб Уондерерс” командасының қожайыны атанған Михаил Ломтадзеге “Каспи банк” қосымшасына ҚПЛ кездесулерінің билеттерін сататын бөлім ашып беруін сұранды. 

Еске салсақ, 18 мамыр күні “Ақтөбе”Премьер-лиганың 9-туры аясында “Ордабасыны” қонақ қылады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×