Қазақстан футболының адуынды шабуылшысы болған Мұрат Тілешев қарағандылық "Шахтер" клубының спорттық директоры болып тағайындалды. "Кеншілер" соңғы кездері нашар өнер көрсетіп, жанкүйерлер сенімін ақтамай жатыр. Облыс басшылығынан қайта-қайта сын естіген "Шахтер" премьер-лигадан шығып қалмаудың амалын қарастыруда. Енді трансферлік ауысым кезінде Мұрат Тілешев жаңа ойыншылар алып келуге тырысатын шығар. Айтпақшы, бас бапкер Еременко да орнын босатты. Әзірге жаңа бапкердің есімі белгісіз.