Тимощук Қазақстанда

05.07.2015, 20:35
Тимощук Қазақстанда
Украина құрамасының капитаны Анатолий Тимощук алматылық "Қайраттың" ойыншысы атанды. 36 жастағы футболшы алматылық "Қайратпен" 1,5 жылдық келісім- шартқа отырған. Және клуб сапында 44 номермен өнер көрсетеді. "Қайрат" Тимощук доп тебетін бесінші команда. Бұған дейін украиналық "Волынь" донецкілік "Шахтер", санкт- петербурктің "Зенит" командасында және мюнхендік "Баварияда" өнер көрсеткен. Тимощук "Шахтермен" 3 рет Украина чемпионатын (2001/02, 2004/05, 2005/06), 3 рет Украина кубогын (2000/01, 2001/02, 2003/04) және Украина суперкубогын жеңіп алған. "Зенит" сапында жүріп 2 рет Ресей біріншілігін (2007, 2015), Ресей Суперкубогын (2008), Уефа Кубогын (2008) және Уефа Суперкубогын (2008) ұтты. "Баварияда" жүрген шағында 2 рет Бундеслиганы (2009/10, 2012/13), 2 рет Кубокты (2009/10, 2012/13), 2 рет Германия Суперкубогын (2010, 2012) сонымен қатар Уефа Чемпиондар Лигасында(2012/13) ұтқан.  Ерден НҰРАХМЕТ  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×