Тимур Турлов ҚПЛ-дегі жастардың рөлін күшейтуді ұсынды

10.12.2025, 20:30

ҚФФ өткізген конференция барысында "Шахтёр" клубының жаңа иесі Тимур Турлов Қазақстан Премьер лигасында жас ойыншылардың рөлін жүйелі түрде күшейту туралы бастама көтерді, деп хабардайды Aladop.kz.

Тимур Турлов ҚПЛ-дегі жастардың рөлін күшейтуді ұсынды

Ол бұл ұсынысын U17 және U19 жасөспірімдер құрамаларының Еуропа чемпионаттарының іріктеу кезеңінің келесі раундына сәтті өткенін мысалға келтіре отырып негіздеді.

BAD FOOTBALL телеграм арнасының мәліметінше Турлов келесі маусымнан бастап ҚПЛ регламентіне жас түлектерге міндетті ойын уақытын бекітуді ұсынды:

ҚПЛ: Әр матчта алаңда кемінде бір 2006 жылы туған немесе одан кіші жастағы футболшы болуы тиіс.

Бірінші лига: Ұқсас ереже енгізіліп, бірақ екі жас санаты үшін: 2007 және 2008 жылы туған ойыншыларға міндетті ойын уақыты берілуі керек.

Бұл тәжірибе Еуропаның бірқатар чемпионаттарында бұрыннан қолданылып келеді және жас футболшылардың ересектер деңгейіне бірте-бірте бейімделуіне көмектеседі.

Тимур Турловтың пікірінше, бұл өзгерістер нәтижесінде Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамаларының жаттықтырушылары ойын тәжірибесі бар ойыншылардың кең ауқымына ие болады. Бұл жас таланттар уақыт өте келе ұлттық құраманы күшейтуге мүмкіндік береді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×