Тлекбек Ақпаев: “Ұлттық құрамаға заманауи білімді, білікті бапкер керек”

16.10.2025, 11:00

Қазақстан футбол одағының бұрынғы вице-президенті Тлекбек Ақпаев ұлттық құраманың болашағы мен отандық жаттықтырушылардың дамуы жөнінде ASnews.kz сайтына берген сұхбатында өз ойын білдірді.

Тлекбек Ақпаев: “Ұлттық құрамаға заманауи білімді, білікті бапкер керек”

Ақпаевтың пікірінше, Қазақстан құрамасын кім жаттықтырары маңызды болғанымен, бастысы — бапкердің білімі мен заманауи көзқарасы. Ол бапкердің ұлтына емес, кәсіби деңгейіне назар аудару қажет екенін айтты.

"Құраманы қазіргі футболды терең түсінетін, білімді мамандарға сеніп тапсыру керек. Бұл жерде ұлт емес, кәсіби қабілет маңызды. Кім білікті болса — сол басқаруы тиіс.” — деді Ақпаев.

Сонымен қатар ол отандық бапкерлерге ерекше талап қойды – шет тілдерін меңгеру қажеттігін атап өтті.

"Біздің жаттықтырушылар тіл үйренуі керек. Себебі ешкім заманауи футбол әдістемесін қазақ немесе орыс тілінде түсіндіріп отырмайды. Әлемдік футбол тәжірибесін игеру үшін ағылшын сияқты халықаралық тілдерді білу қажет.” — деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×