Қостанайдың «Тобол» футбол клубы Беларусьтен келген қорғаушы Егор Хвальконы ресми түрде таныстырды
Егор 1997 жылдың 18 ақпанында Брест облысында дүниеге келген. Ол футболдағы алғашқы қадамдарын Гродноның «Неман» клубының жүйесінде бастап, қосалқы құрамнан негізгі командаға дейін өскен.
Оның мансабында «Лида», «Дняпро» және «Арсенал» сияқты Беларусь командалары болды. Кейінірек ол Әзербайжанның «Кяпаз» клубына ауысып, үш маусым ойнап, команда капитаны болды.
Футболшының еншісінде Беларусьтің жасөспірімдер және жастар құрамалары сапындағы ойындар мен халықаралық турнирлерге қатысу тәжірибесі бар.