“Тобылдың” 2010 жылғы алтын маусымы – Қостанайлық команданың тарихи жетістігі кімнің есінде?

06.11.2025, 22:02

2010 жылғы 06 қарашада яғни тура 15 жыл бұрын Қостанайдың командасы ел чемпионатының алтын жүлдесін иеленіп, өзінің тарихында бірегей жетістікке қол жеткізген.

“Тобылдың” 2010 жылғы алтын маусымы – Қостанайлық команданың тарихи жетістігі кімнің есінде?
“Тобыл” 2010

Сол жылғы маусымда "Тобыл” құрамында 24 футболшы өнер көрсеткен. Ең үздік ойыншылары – Улугбек Бакаев (16 гол), Нұрбол Жұмасқалиев (15 гол), екеуі бірігіп команданың жалпы голдарының 58,5%-ын соққан.

Сонымен қатар, клубтың қақпашысы Александр Петухов 13 ойында гол өткізбей тамаша өнер көрсетіп, әр матчта орта есеппен небәрі 0,83 гол өткізіп отырған.

Команда барлығы 53 гол соғып, олардың 33-і өз алаңында, 20-сы сырт алаңда орын алған. Үй матчтарында "Тобыл" 33 ұпай жинап, мүмкін болатын көрсеткіштің 68,75%-ын сәтті орынлаған, ал сырт алаңда – 31 ұпай (64,58%).

Ең ірі жеңістер қатарында – “Оқжетпес" және “Ертіс” командаларынқарсы 4:0 есебімен тас талқан еткен, ал ең ауыр жеңіліс – "Ақтөбе” командасынан 2:5.

Футболшылар арасындағы ең тәжірибелі ойыншы – Олег Лотов (34 жас 350 күн), ал ең жас ойыншы – Андрей Иосипенко (19 жас 124 күн). Орташа жасы – 27,5 жыл. Гол салған ең жас футболшы Ермек Қуантаев (19 жас 285 күн).

Команданың үй матчтары Қостанайдағы Орталық стадионда өткізілген, онда 14 матчқа барлығы 80 000 көрермен келген, матчқа орташа есеппен 5 714 жанкүйер қатысқан.

Екі ойын Жітіқарадағы "Горняк” стадионында өтіп, әр матчқа орташа 4 250 көрермен қатысқан екен. Жалпы чемпионат бойы “Тобылдың" ойындарын 161 600 көрермен тамашалаған.

Команданың көшбасшылары Улугбек Бакаев пен Нұрбол Жұмасқалиев, бірнеше дубль жасаған. Бакаев төрт матч қатарынан гол соғып, қарсыластарының қақпашыларынан айласын 6 рет асырған.

Ал команда ең ұзақ жеңіс сериясын 18 шілде – 11 қыркүйек аралығында тіркеп, 6 матч қатарынан жеңіске жеткен.

Дәл осы чемпиондық атақты алардан бұрын команда бас бапкерін ауыстырып, бірнеше легионерді командаға шақырды және Игорь Юрин, Улугбек Бакаев және Мурат Суюмагамбетовті қайта қабылдады.

Жалпы құрам:

Қақпашылар:

  • №1 Ярослав Багинский (03.10.1987, Қазақстан)
  • №35 Александр Петухов (11.01.1985, Қазақстан)

Қорғаушылар:

  • №2 Алексей Макаров (30.08.1989, Қазақстан)
  • №5 Олег Сабиров (13.03.1981, Қазақстан)
  • №13 Вит Туртенвалд (05.03.1980, Чехия)
  • №14 Фархадбек Ирисметов (10.08.1981, Қазақстан)
  • №15 Олег Лотов (21.11.1975, Қазақстан)
  • №33 Андрей Иосипенко (04.08.1991)
  • №18 Данияр Мұқанов (26.09.1976, Қазақстан)
  • №22 Санат Шалекенов (04.04.1989, Қазақстан)

Жартылай қорғаушылар:

  • №6 Мақсат Аханов (12.05.1990, Қазақстан)
  • №7 Азат Нұрғалиев (30.06.1986, Қазақстан)
  • №8 Андрей Харабара (01.09.1985, Қазақстан)
  • №9 Нұрбол Жұмасқалиев (11.05.1981, Қазақстан)
  • №17 Андрей Корнеенков (01.04.1982, Молдова)
  • №19 Даурен Жатеков (28.02.1991, Қазақстан)
  • №20 Ермек Қуантаев (13.10.1990, Қазақстан)
  • №21 Алексей Малышев (24.06.1989, Қазақстан)
  • №24 Игорь Юрин (03.07.1982, Қазақстан)
  • №27 Андрей Травин (27.04.1979, Қазақстан)

Шабуылшылар:

  • №10 Улугбек Бакаев (28.11.1978, Өзбекстан)
  • №11 Мұрат Суюмагамбетов (14.10.1983, Қазақстан)
  • №23 Дмитрий Пархачев (02.01.1985, Беларусь)

Қорытындылай келе, 2010 жылғы "Тобылдың” жетістігі – стратегиялық жоспар, тәжірибелі бапкерлік, бірлескен командалық жұмыс және шабуылшылардың тамаша нәтижесінің жемісі. Бұл тарихи чемпиондық Қостанай футболының абыройын көтеріп, клубтың алтын кезеңін айқын көрсеткен еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×