«Тобыл» 23-турдың орталық матчында «Ордабасыдан» басым түсті

03.10.2021, 00:00
Қостанайлық ұжым «Астанадан» алшақтағысы келмейді.
«Тобыл» 23-турдың орталық матчында «Ордабасыдан» басым түсті

Қазақстан Премьер-лигасының 23-турында "Тобыл" мен "Ордабасы" үш ұпайды сарапқа салды. Матч Қостанайдағы "Тобыл Аренада" өтіп, 3:1 есебімен аяқталды.

Кездесудегі алғашқы голды 25-минутта Игорь Сергеев Бағдат Қайыровтың пасынан кейін соқты. Бірақ бес минуттан кейін Сұлтанбек Астанов есепті теңестірді. Нәтижелі пасты Дмитрий Хлёбас өз атына жазды. Десе де ойынның 74-минутында қосалқы құрамнан шыққан Зоран Тошич командасын алға шығарды. Ал кездесудің аяқталуына төрт минут қалғанда Роман Асранқұлов тамаша соққысымен көзге түсті.

Бұл ойыннан кейін Александр Москаленко шәкірттері 52 ұпаймен екінші орында қала берді. Шымкенттік клуб та 32 ұпаймен бесінші орынын сақтап қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×