«Тобыл» - «Ақтөбе» матчына болжам

19.04.2025, 15:55

5-турдағы орталық ойын. «Тобыл» 8 ұпаймен төртінші орынға жайғасса, ақтөбеліктер 10 ұпаймен екінші тұр.

«Тобыл» - «Ақтөбе» матчына болжам
«Ақтөбе» футболшылары голдарын тойлауда

Бірақ, қостанайлық ұжым маусымда әлі жеңілістің ащы дәмін татып көрген жоқ. Ал Игорь Леонов жаттықтыратын «Ақтөбе» Кубокте күтпеген жерде сүрінді (Жеңістен 0:1). Сондықтан, бүгін ақтөбе үшін Қостанайдағы ойын оңай болмайды деген жорамал бар. 

Оның үстіне «Тобыл» «Ақтөбе» үшін ең ыңғайсыз қарсыластың бірі саналады -2022-жылдан бергі кездесулердің басым бөлігі қостанайлықтардың жеңісімен аяқталған. Жалпы, қос команда былтыр өзара төрт рет кездесу өткізсе соның барлығы «Тобылдың» үстемдігімен аяқталды. 

Ал аталған ойын тең аяқталады деп топшылаймыз. Екі ұжымның да жеңісті жұлып аларлық әлеуеті жетеді, бірақ көп жағдайда афишасы аспандай матчтардың үмітті ақтамай жататыны бар. Қостанайдағы бұл бәсеке де соның қатарынан ба дейміз. Одан кейін тең нәтиже де екеуінің тақиясына тар келмейді. Fonbet.kz-те «Тобыл» мен «Ақтөбе» арасындағы кездесу тең аяқталады деген нұсқаға 3 коэффициентпен бәс тігуге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×