«Тобыл» Армения құрамасының ойыншысын сатып алды

13.01.2020, 21:08
«Тобыл» Армения құрамасының ойыншысын сатып алды

Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Петрос Аветисян Қостанайдың «Тобыл» командасына ауысты. Бұл туралы футболшының өзі Фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді.
Айта кетейік, 24 жастағы Петрос бұған дейін «Арарат-Армения» ұжымында 39 ойын өткізіп, 14 гол салған және 7 нәтижелі пас берген. Ал Еуропа лигасында 6 рет алаңға шығып, 1 голдың авторы атанған.

Сонымен қатар, өз елінде «Бананц» және «Пюник» командасының намысын қорғаған. Ұлттық құрама жейдесінде 5 кездесуге қатысқан.

Transfermarkt.de порталы футболшыны 400 мың еуроға бағалап отыр.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×