"Тобыл" Қазақстан Премьер-лигасының оныншы туры қарсаңында "Атыраумен" кездесті. Матч Қостанайдағы "Тобыл Аренада" өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.
Бұл ойынның 80-минутына дейін қос команда гол соға алмады. "Атырау" футболшысы Петр Гжельчак қақпашымен жеке-дара шығып, мүмкіндігін пайдалана алмады. Ал бұған жауап ретінде Серікжан Мужиков 80-минутта есеп ашты. Ал қосымша уақытта Жереми Манзорро осы маусымдағы алғашқы голын соғып, командасына жеңіс сыйлады.
"Тобыл" бұл ойыннан кейін 21 ұпаймен екінші орынға табан тіреді. Ал соңғы бес матч бойы жеңілмеген "мұнайшылар" 11 ұпаймен оныншы орында қала берді.
Біздің серіктес: FONBET