Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Премьер-лигасының жетінші турында «Атырауға» есе жіберді. Атыраудағы «Мұнайшы» стадионында өткен матч 2:1 есебімен аяқталды.
Алаң иелері сапында Андрия Филипович дубль жасады. Ал қостанайлық клуб Игорь Сергеев соққан жалғыз голмен жауап қатты.
Қазақстан Премьер-лигасы, 7-тур
«Атырау» – «Тобыл» – 2:1
«Атырау»: Арам Айрапетян (қ) (к) – Сослан Такулов (Қуаныш Қалмұратов 90+5), Николай Тарасов, Павел Барановский (Анатолий Катрич 70), Матеус Бисси, Амандық Нәбиханов – Тодор Петрович (Магомед Парагульгов 87), Домантас Антанавичиус – Дмитрий Плетнев (Асылбек Сейітқалиев 87), Александр Соколенко, Андрия Филипович;
«Тобыл»: Александр Мокин (қ) – Владислав Васильев, Алекса Аманович, Александр Марочкин, Сергей Малый, Дмитрий Мирошниченко – Душан Йованчич, Асхат Тагыберген (к) – Рубен Бриджидо, Айбар Жақсылықов (Самат Жарынбетов 82), Игорь Сергеев;
Біздің серіктес: FONBET