“Тобыл” басшылығын сынаған Ресейлік маманға “Манчестер Юнайтед” құрмет көрсетті

12.12.2025, 16:45

Андрей Канчельскиске қатысты соңғы жаңалықтар оның футболдағы екі түрлі рөлін көрсеткендей – Англиядағы аңыз ойыншы және Қазақстандағы клуб басшылығына қатысты сыншы, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Тобыл” басшылығын сынаған Ресейлік маманға “Манчестер Юнайтед” құрмет көрсетті

https://www.instagram.com/reel/DSJB2WFCJfh/?igsh=M3hqYWw5NXFkMG5p

Андрей Канчельскис, "Манчестер Юнайтедтің” бұрынғы жұлдызды ойыншысы, команданың Каррингтон базасына барып, жаттығуын тамашалады және клуб жейдесін сыйға алды. Бұл сапар Pесейлік бапкер үшін ерекше маңызды, өйткені ол қазір өзі басқаратын Брянскілік "Динамо" клубының ішкі чемпионат алдында шабыт алу мақсатында Англиядағы уақытын осылайша пайдалануда.

"Манчестер Юнайтед" клубы Канчельскисті "Олд Траффордта өте танымал болған жартылай қорғаушы” деп сипаттайды. Оның қаптал ойыншысы ретіндегі рөлі, әсіресе клубтың 1993/94 жылғы маусымдағы алғашқы дубльді жеңіп алуындағы және келесі маусымдағы команданың үздік бомбардирі болуындағы маңыздылығы атап өтілді.

"Манчестер Юнайтед” сапында Канчельскис екі мәрте Англия чемпионы, Кубок, Суперкубок, Лига Кубогы және УЕФА Суперкубогы иегері атанды.

"Манчестер Юнайтедке” сыйлы болсада ол Қазақстанға әсіресе Қостанайлықтар үшін жағымсыз адам.

Канчельскис 2023 жылдың жазында өзі бас директор қызметін атқарған Қостанайлық "Тобыл” клубының бұрынғы басшылығын ашық сынаған еді.

BorodAbata YouTube-арнасына берген сұхбатында ол клуб иесі Әлімжан Қалдияров пен Санжар Сейтқазиновты қатаң сөздермен айыптаған болатын.

Канчельскис бастапқыда Словакиялық бір клубпен келіссөздер жүргізгенімен, Украиналық таныстарының көмегімен "Тобылға” ауысты. Алғашында ол бас директор емес, кеңесші ретінде шақырылған.

Канчельскис чемпионаттың аяқталуына екі тур қалғанда оған бас бапкер қызметін ұсыну әрекетін сынға алды. Ол Қалдияровтың "Қазақстан Кубогы қалтада" деп сенгендіктен, әдепсіздік танытып, жұмыс істеп тұрған бапкердің (Чурчич) орнына біреуді қоюға тырысқанын айтты.

Оның пікірінше, Санжар Сейтқазинов пен Әлімжан Қалдияров екеуі де "футболдан мүлде бейхабар" және оларды "нөл" деп атады. Канчельскис мұндай адамдардың футболды түсінбей, бірақ оған араласуға тырысуын айыптайды.

Канчельскистің мәлімдемелері оның Қазақстандық клубтағы қызметі кезіндегі Әлімжан Қалдияровпен кикілжіңі болғанын толық растайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×