«Тобыл» болгариялық бапкерге көз тікті

16.05.2022, 17:20
Бұл маманның командасы кеше Болгария кубогін жеңіп алды.
«Тобыл» болгариялық бапкерге көз тікті

KazFootball.kz сайтына белгілі болғандай, қостанайлық «Тобыл» 55 жастағы болгариялық маман Станимир Стойловқа ұсыныс тастады.

Еске салайық, бүгін Александр Москаленко «Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті. Мұндай шешім чемпионаттың 11-турында «Ақтөбеден» (1:2) жеңілгеннен кейін қабылданды.

Оның орнына қостанайлық клуб басты үміткерлердің бірі ретінде «Астанадағы» және Қазақстан құрамасындағы жұмысымен танымал Станимир Стойловты қарастыруда. Қостанайлық клубтың ұсынысына Стойлов Болгариядағы маусым аяқталған соң түпкілікті жауап беретін болады.

Айта кетейік, Стойлов өткен жылдың күзінен бері «Левски» клубын жаттықтырып келеді. Чемпионаттың аяқталуына екі тур қалды. Ал оның командасы үшінші орында тұр. Кеше «Левски» финалда ЦСКА-ны ұтып, Болгария кубогінің иегері атанды. Жаттықтырушының аталмыш клубпен 2024 жылдың маусымына дейін жарамды келісім-шарты бар.

Биылғы маусымда «Тобыл» 11 ойында 15 ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орында келеді. Еске салайық, шілде айының басында қостанайлық команда Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×