«Тобыл» футболшылары
«GOAL.KZ» телеграмм-арнасы қостанайлық «Тобылдың» өнерін сынға алып, чемпионаттағы ойындарын бағалады.
«Бірнеше тур бұрын көпшілік «Тобылды» чемпиондыққа лайық деп жар салған еді. Бірақ мынандай ойынымен чемпион дегеннің ч әрпіне ле лайық ойын көрсетпеді. Аутсайдерлерді тек Чесноков пен Эль-Мессаудидің жеке шеберлігінің арқасында ұтып жүрді. Еурокубоктан шаршаған «Қайрат» Қостанайда тас-талқан етті, ал өткен турда «Атырау» нағыз мастер-класс көрсетіп, қақпаға бірде-бір соққы жасауға мүмкіндік бермеді. Бүгін «Астана» соңғы нүктені қойды. Тіпті Сәриев «Тобылдың» пайдасына белгілеген пенальти де жеңілістен құтқармады», - делінген арнаның жазбасында.
ҚПЛ-дің 23 турынан кейін «Тобыл» 44 ұпаймен үшінші тұр. Көш басында «Астана» 50 ұпай.