"Ақжайық" Қазақстан Премьер-лигасының 26-турында "Тобылмен" кездесті. Матч Оралдағы Петр Атоян атындағы стадионда өтіп, 0:2 есебімен қостанайлық клуб жеңіске жетті.
Ойынның 28-минутында "Тобыл" шабуылшысы Игорь Сергеев есеп ашты. Асхат Тағыбергеннің алыстан жасаған соққысын "Ақжайық" қақпашы қайтарған еді, ал допқа бірінші болып жеткен өзбекстандық шабуылшы командасын алға шығарды. 60-минутта Асхат Тағыберген екінші голды соғып, ойынның нүктесін қойды.
26 матчта 61 ұпай жинаған Александр Москаленко шәкірттері осы маусымның чемпионы атанды. 32 ұпайы бар "Ақжайық" тоғызыншы орынға ие болды.