«Тобыл» да Қазақстан Кубогінің ширек финалына жолдама алды

16.08.2021, 03:29
Бұл топтан «Тараз» бен «Тобыл» келесі кезеңге шықты.
«Тобыл» да Қазақстан Кубогінің ширек финалына жолдама алды

"Атырау" Қазақстан Кубогінің алтыншы турында "Тобылды" қабылдады. Матч Атыраудағы "Мұнайшы" стадионында өтіп, 1:3 есебімен аяқталды.

Кездесудің 8-минутында "Атыраудың" бразилиялық шабуылшысы Аллеф пенальтиден мүлт кетпеді. 58-минутта Игорь Сергеев Роман Асранқұловтың пасынан кейін есепті теңестірді. 75-минутта Жереми Манзорро командасын алға шығарды. Ал 85-минутта Зоран Тошич матчтың нүктесін қойды.

В тобында 12 ұпай жинаған "Тобыл" мен 10 ұпай жинаған "Тараз" ширек финалдық жолдамаға ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×