Қостанайлық "Тобыл" Қазақстан Премьер-лигасының 10-турында Көкшетаулық "Оқжетпесті" минималды есеппен жеңді. Матч Талғардағы Ұлттық құраманың базасында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.
Кездесудегі жалғыз әрі жеңісті голды Жереми Манзорро соқты. Темірлан Ерлановтың орындаған айып соққысы қақпашыдан кейін серпілген еді, Манзорро ашық қақпаны дәл көздеді.
Жеңіске жеткен Григорий Бабаян шәкірттері 16 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Ал Көкшетаулық ұжым 5 ұпаймен 10 орында қала бермек.
Біздің серіктес: FONBET