“Тобыл” финалға шыққаннан кейін жағымсыз жаңалықтармен бөлісті

30.08.2025, 12:00

Қостанайлық "Тобылдың" бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев команда финалға жолдама алғаннан кейінгі кадрлық жағдай туралы пікір білдірді.

“Тобыл” финалға шыққаннан кейін жағымсыз жаңалықтармен бөлісті

Жартылай финалдың қарымта матчында команда Астанада "Жеңіспен" тең ойнады. Қонақтар Исламбек Қуаттың 65-минуттағы голынан кейін ұтылып жатқан еді, алайда 87-минутта Егор Хвалько есепті теңестірді. Екі кездесудің қорытындысы бойынша 3:2 есебімен Қостанайлықтар финалға шықты.

"Өкінішке қарай, жарақат алған жігіттер бар. Біз олардың тезірек қалпына келіп, командаға көмектесетініне үміттенеміз. Жас ойыншыларға келсек, олар бар, бірақ ардагерлермен бәсекеге түсу үшін көп еңбектену керек.” – деді Жұмасқалиев.

Қостанайлықтардың финалдағы қарсыласы Петропавлдық "Қызылжарды" жеңген Шымкенттік "Ордабасы”.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×