«Тобыл» франциялық футболшыға ірі көлемде ақша төлеуге міндеттелді

19.05.2022, 19:09
Қостанайлық клуб сот ісінде жеңіліп қалды.
«Тобыл» франциялық футболшыға ірі көлемде ақша төлеуге міндеттелді

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, қостанайлық «Тобыл» француз футболшысы Фернандер Кассаймен болған сот ісінде жеңіліп қалды.

Кассай «Тобыл» сапында 2016-2019 жылдар аралығында өнер көрсетті, бірақ клуб қорғаушымен біржақты түрде келісім-шартты бұзды.

2021 жылы Кассай ФИФА-ға «Тобылдың» үстінен шағым түсіріп, істі өз пайдасына шешті. Өз кезегінде қостанайлық клуб Спорттық арбитраждық сотқа (CAS) аппеляциялық шағым түсірді, бірақ мұнысынан түк шықпады.

Осылайша, «Тобыл» француз футболшысына 600 мың доллар шамасында ақша төлеуге міндеттелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×