Қостанайлық «Тобыл» 32 жастағы ивуарлық шабуылшы Серж Деблемен келісім-шарт жасасқанын хабарлады.
Дебле мансабын «АСЕК Мимозас» командасында бастады, 2008 жылы англиялық «Чарльтон Атлетик» клубына ауысып, Францияның «Анже» және «Нант» клубтарында жалға алу құқығымен ойнады. 2012 жылы ол Мәскеудің «Химкиімен» келісім-шартқа қол қойып, бірнеше айдан кейін «СКА-Энергияға» қосылды.
2013 жылғы маусымда Дебле «Ширак» командасында өнер көрсетіп, 26 матчта 15 гол соқты. Кейінірек ол даниялық «Виборг», қытайлық «Мэйчжоу Хакка», гонконгтық «Гуанчжоу R&F» және армениялық «Арарат» үшін ойнады. Ивуарлық футболшының соңғы клубы «Пюник» болды.
Шабуылшының «Тобылмен» келісім-шарты бір жылға есептелген.
Біздің серіктес: FONBET