«Тобыл» капитаны командадан кетті

28.12.2021, 17:32
Оның клубпен келісім-шарты аяқталды.
«Тобыл» капитаны командадан кетті

«Тобылдың» 35 жастағы жартылай қорғаушысы әрі капитаны Азат Нұрғалиев командадан кетті, деп хабарлайды қостанайлық клубтың баспасөз қызметі.

«Клуб басшылығы мен жаттықтырушылар штабы Азатқа кәсіби шеберлігі мен команданың табысына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді», - деп жазылған клубтың хабарламасында.

Азат Нұрғалиев «Тобыл» сапында 2006 жылы 8 сәуірде Павлодарда «Энергетикке» қарсы ойында дебют жасады. Ол қостанайлық клубтың жейдесінде 226 матч өткізіп, 47 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×