
Қазақстан кубогының жартылай финалындағы алғашқы кездесу өтті. Қостанайлық «Тобыл» өз алаңында астаналық «Жеңісті» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Ойын алғашқы минуттардан-ақ тартыс басталды. 5-минутта алаң иелерінің ойыншысы Александр Зуев қарсылас қорғаушысы Сергей Игнатовичтің қателігін пайдаланып, есепті ашты. Алайда бірінші таймның ортасында қонақтар таразы басын теңестіре алды. 27-минутта Адилио баспен дәл соққы жасап, гол авторы атанды.
Екінші таймда екі команда да қауіпті сәттермен алмасып отырды. Нәтижесінде 73-минутта Наурызбек Жагоров жеңіс добын соқты.
Жауапты матч 30 тамыз күні өтеді.
«Тобыл» — «Жеңіс» 2:1 (1:1)
Гол авторлары: Зуев (5-минут, 1:0), Адилио (27-минут, 1:1), Жагоров (73-минут, 2:1)
Біздің серіктес: FONBET