"Ордабасы" - "Тобыл" кездесуі
Қостанайлық клуб биыл Қазақстан Кубогін еншіледі.
Қызылордадағы су жаңа стадионда «Ордабасы» қақпасына жауасыз 2 гол соғып, мәртебелі жүлдені еншілеген. Осыған дейін ел кубогін олжалаған ұжым Қазақстан атынан Еуропа Лигасына қатысу құқығына ие болатын. Бірақ, биыл «Тобыл» тек Конференциялар лигасына қанағат тұтуға мәжбүр. Бұған себеп – 2018-2019-жылғы маусымдағы «Астана» еншілеген ұпайлар жойылған соң Қазақстан УЕФА рейтингінде бірнеше саты төмендеген еді.