«Тобыл» Кире Ристевскимен келіссөз жүргізіп жатыр

15.02.2020, 15:48
«Тобыл» Кире Ристевскимен келіссөз жүргізіп жатыр

Қостанай ұжымы Венгрияның «Уйпешт» командасының орталық қорғаушысы  Кире Ристевскиді сатып алғысы келеді.

Дәл қазіргі уақытта футболшының трансферіне агенті Владан Филипович көнбей жатыр. Ол македониялық қорғаушы үшін көп қаражат сұрап отырған көрінеді. Айта кетейік, Владан танымал черногориялық бапкер Зоран Филиповичтің ұлы.

29 жастағы қорғаушы «Уйпешт» командасына 2018 жылы ауысқан. Сондай-ақ, оған дейін Болгария, Албания, Македония чемпионатында доп тепкен. Құрама сапында 38 ойын өткізген. Трансфердік құны 500 мың еуроға бағалануда.

Естеріңізге сала кетейік, «Тобыл» бұған дейін қорғаушы Темірлан Ерланов, Александр Марочкин мен Стивен Эзені қатарға қосса, Фернандер Кассай, Виктор Дмитренко мен Витаутас Андрюшкявичюс құрамнан кетті.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×