Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан құрамасының 31 жастағы қорғаушысы Сергей Малыймен келісім-шартты ұзартқанын хабарлады.
Жаңа келісім алдағы маусымның соңына дейін есептелген.
Сергей Малый «Тобыл» сапында 2020 жылдың шілде айынан бері ойнап келеді. Сондай-ақ 2017 жылғы маусымның алғашқы жартысын қостанайлық клубта өткізді. Ол «Тобыл» жейдесінде 63 матч өткізіп, 9 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді.
Премьер-лиганың соңғы маусымында Малый чемпионаттың үздік қорғаушысы деп танылды.
Біздің серіктес: FONBET