«ТОБЫЛ» МЕН «АҚТӨБЕНІҢ» КЕЗЕКТІ СӘТСІЗДІГІ

03.05.2011, 02:51
«ТОБЫЛ» МЕН «АҚТӨБЕНІҢ» КЕЗЕКТІ СӘТСІЗДІГІ
Футболдан Қазақстан чемпионатының 9 тур ойындары аяқталды. Керекуде «Ертіс» «Тобылды» ұтты. Ал «Восток» өз алаңында «Ақтөбемен» ұпай бөлісті.
 
  «Ертіс» — «Тобыл» 3:2 (1:2) Голдар: Кислицын 2 (0:1), Юрин 4 (0:2), Даскалов 7 (1:2), Кулибали 75 (2:2), Дорош 90 (3:2) Егер «Тобыл» жақын уақытта ес жимаса Равиль Сабитов орнын босатуы ғажап емес. Өткен турда «Атыраумен» өз алаңында ұпай бөліскені тағы бар.  Ал «Ертіс» енді ес жиып келеді. Өткен турда көшбасшылардың бірі «Жетісумен» тең түскеннен кейін, міне аса маңызды жеңіске жетті. Бірақ «Ертістің» бас бапкері Талғат Байсуфинов шәкірттерінің ойынына көңілі толмайтынын жеткізді: «Ешқандай таңқалатын жағдай емес бүгінгі жеңіс… Командамызда жеке күш қуат жоқ. Жеке  бір ойыншы болса алға сүйрер міне, сонда жеңіске нық сенуге болады. Қазір бізда қақпашы Давид Лория мен шабуылшымыз Мұрат Тілешов жарақаттарынан айыққан жоқ. Сол бас ауыртар мәселе болып тұр» деді. Ал Раиль Сабитов «Ойынымыз жүрмей қойды соңғы уақытта. Сырт алаңнан ұпай алуды ұмыттық. Бізге енді тактикалық құрылымды толық өзгерту керек сияқты» деген ойын ашық айтты. «Қайсар» — «Ордабасы» 1:2 (1:0) Голдар: Тағыберген 10 (1:0), Мұхтаров 84 (1:1), Трайкович  пенальти 90 (1:2) «Қайсардан» күш кетті. Өз алаңында да жанкүйерлерін қуантпаған «Қайсар» қазір көш соңында. Қазір Қызылорда төрінен футболдың сәні кетті. Маусым басына бері стадионға жиылға жанкүйердің саны тым аз. Ал «Ордабасының» ойыны өз жолын тапқандай. Шымкенттіктер қазір алтыншы сатыға шықты. «Восток» — «Ақтөбе» 0:0 Өткен турда Қарағандыда «Шахтерге» жеңілген Муханов шәкірттері бұл жолы Өскеменде «Востокпен» тең түсті. «Восток» сапынан бүгінгі ойынға жарақатына байланысты Ренат Абулин шыққан жоқ.  Алаңнан Кирилл Прядкинді де көрген жоқпыз. Бірақ бұл жайттарға қарамастан, «Восток» қорғаныс жағын тас қамал ұстады. Ойыннан соң «Восток» бапкері Вахид Масудов өз командасының қорғанысқа жамбастап жатып алғанын мойындады: «Біздің тактика қорғанысқа құрылды» деді Масудов матчтан кейін. Ал Муханов: «Восток» бүгін біздің әр шабуылымыздан тиянақты қорғанды. Біз сол қорғанысты бұзу өтуге ойын жағынан шамамыз жетпеді» деп қынжылды. «Шахтер» — «Жетісу» 3:3 (1:2) Голдар: Мұжықов 21 (0:1), Щеткин 24 (0:2), Хижниченко 32 (1:2), Бакаев 70 (1:3), Досманбетов 75 (2:3), Досманбетов 83 (3:3) Өткен турда «Ақтөбені» ұтқан «Шахтер» осы турда «Жетісумен» тең түсті. Осы ойыннан кейін қарағандылықтар үштікке аяқ басты. Соңғы кездері тең ойындармен шектелу «Жетісу» үшін дәстүрге йналып барады. «Ақтөбе», «Ертіс», енді, міне, «Шахтер»… Дегенмен, «Жетісудың» бұл нәтижелеріне қарап командада құлдырау деуге келмес. Аталған үш ойында да «Жетісу» басым ойнағанын айта кеткен жөн. «Қайрат» — «Тараз» 1:0 (0:0) Гол: Христов 80 (1:0) Алматыда «Қайрат» «Таразды» ұтты. Қос аутсайдер ойыны аса тартысты өтті. Тараздан ат терлетіп келген 250 жанкүйер "Орталықты" дуылдатып басына көтерді. Оған "Қайрат" жанкүйерлерінің демі жетпеді. Осындай қызықты сәттерден кейін Қазақстан футболында фан-клубтар дәрежесі де өсіп келе жатыр екен деген тұжырымға келесіз. Алғашқы таймда қонақтар басымдылыққа ие болды. Абдуллай Диакате штангаға тигізіп, алматылықтардың жүрегін алды. Екінші таймда қарымта шабуылдан бағы ашылған алаң иелері жеңіске қол жеткізді. Керемет пас берген Балтиканы да атап өткен жөн. «Атырау» — «Локомотив» 0:0 «Атырау» өз алаңында көш басындағы «Локомотивпен» ұпай бөлісті. Бұл нәтиже «Локомотив» үшін сәтсіздік. Ойын барысында астаналықтар қожайындар қақпасына 9 рет соққы жасаса, «Атырау» елордалық қақпашы Эричті 7 рет мазалапты.
О Команда О Ұ
1 «Локомотив» 9 20
2 «Жетісу» 9 18
3 «Шахтер» 9 17
4 «Ақтөбе» 9 17
5 «Ертіс» 9 16
6 «Ордабасы» 9 15
 
7 «Тобыл» 9 11
8 «Атырау» 9 10
9 «Қайрат» 9 8
10 «Восток» 9 7
11 «Тараз» 9 6
12 «Қайсар» 9 5
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×