«Тобыл» мен «Ференцварош» арасындағы ойынға төрешілер бекітілді

05.07.2022, 19:20
Хорватиялық маман ертең Чемпиондар лигасында алғаш рет төрелік еткелі тұр.
«Тобыл» мен «Ференцварош» арасындағы ойынға төрешілер бекітілді

Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Тобыл» - «Ференцварош» ойынына Дарио Бел бастаған хорватиялық төрешілер тобы қызмет етеді.

Бас төреші: Дарио Бел;

Көмекшілері: Марьян Томас, Круно Шарич;

Төртінші төреші: Тихомир Пеин (барлығы – Хорватия).

Дарио Бел енді ғана халықаралық матчтарда төрелік ете бастады. Бас төреші ретінде ол өткен жылы Конференция лигасының бір ойынында жұмыс істеді, сонымен қатар УЕФА Жастар лигасында екі ойынға қазылық етті. Ертең Дарио бас төреші ретінде Чемпиондар лигасында дебют жасамақ.

Еске салайық, матч 6 шілде күні елорда уақытымен 20:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×