«Тобыл» Нигерия құрамасының ойыншысын сатып алды

23.01.2020, 01:07
«Тобыл» Нигерия құрамасының ойыншысын сатып алды

Бүгін Қостанайдың «Тобылы» Нигерия құрамасының орталық қорғаушысы Стивен Эземен еңбек келісім-шартына қол қойды. 25 жастағы футболшы 2017 жылдан бері Болгарияның «Локомотив Пловдива» командасында ойнаған. Осыған дейін 50 матчқа қатысып, Болгария Кубогін иеленген.
Оның алдында өз еліндегі «Лоби Старс», «Саншайн Старс», «Ифеани Уба», «Кано Пиларз» ұжымдарында доп тепкен.

Ал ұлттық құрама сапында 2015 жылдан бері 13 ойын өткізіп, Африка Ұлттар лигасының күміс жүлдегері атанған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×