«Тобыл» - «Оқжетпес» кездесуіне болжам

13.07.2025, 13:05

Алғашқы жетіліктегі командалардың теке-тіресі.

«Тобыл» - «Оқжетпес» кездесуіне болжам
Ислам Чесноков

«Тобыл» тіптен артық екі кездесуін есептегенде бірінші орынға шығуы да мүмкін. Ол үшін осы «Оқжетпес» секілді ыңғайсыз қарсыластарымен ұпайдан шашау шығармауы тиіс. Алаң иелерінің бұл кездесуде айқын фаворит екенін мойындау керек. Нұрбол Жұмасқалиевтің шәкірттері соңғы 5 ойын жеңіліссіз келеді - 3 жеңіс, 2 тең нәтиже. Жалпы, маусым барысында қостанайлықтар жалғыз рет қана есе жіберді, оның өзі 6-турда сырт алаңда «Қайратпен» болған ойын 1:2. Содан бері команда жақсы қарқын алған. Қостанайлықтардык көшбасшысы Ислам Чесноков былтырғы маусымдағы ойынын қайта тапқан секілді: жартылай қорғаушы өткен турда «Елімайды» ұтуға үлкен үлесін қосты (бір ассист, бір гол). 

«Көкшетаулық клуб қатарынан екі жеңілістен кейін қалай ес жияр екен деген сауал» көптің көкейінде болғаны анық. Оның үстіне аяқ-асты бас бапкері ауысты дегендей. Бірақ, Қайрат Нұрдәулетов «Оқжетпесті» бастап шыққан бірінші бәсекесінде-ақ, жеңісті жолды тапқандай әсер қалдырды. Бүгін әрине оңай болмайтыны анық, қалай дегенде де «Тобыл» «Қайсар» емес. Қостанайлық ұжымның деңгейі «дала қасқырларымен» салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Қайрат Жұмабекұлы азулы қарсыласқа қарсы қалай қимылдау керектігін ойластырып қойғаны даусыз. Тек соны жігіттер алаңда жүзеге асыра алса. 

Қонақтар екінші таймда гол салады деп топшылаймыз. Бұған Fonbet.kz 2.55 коэффициент береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×