Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Ордабасының" қорғаушысы Бағдат Қайыров мансабын "Тобылда" жалғастырады.
28 жастағы Қазақстан ұлттық құрамасына үміткер футболшы 1 шілдеде Шымкенттен Нұр-Сұлтанға ұшып кетті. Ол ары қарай Қостанайға барып, жаңа клубымен келісім-шартқа отырады.
"Ақтөбе" клубының тәрбиеленушісі Қайыров өткен маусымда "Қайсардың" намысын қорғады, ал қысқы маусымаралық үзіліс кезінде "Ордабасыға" қосылды. Бірақ шымкенттік клубтың қаржылық мәселелеріне байланысты тағы да командасын ауыстыруға мәжбүр болды.
Еске салайық, "Тобыл" Қайыровтың командаласы Рубен Бриджидоны да қатарға қосуды жоспарлап отыр.
Біздің серіктес: FONBET