"Тобыл" Қазақстан Премьер-лигасының он екінші туры аясында "Қызыл-Жарды" қабылдады. Кездесу "Тобыл Аренада" өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.
Бұл ойындағы алғашқы гол 64-минутта соғылды. Тони Сильва екі ойыншыны алдап өтіп, Неманья Николичке пас берді. Ал сербиялық шабуылшы қақпаны көздеуде еш қателеспеді. 77-минутта "Қызыл-Жар" қақпасына пенальти белгіленді. Жереми Монзорроның тепкен добын Мирослав Лобанцев қайтара білді. Бірақ төреші қақпашы уақытынан бұрын орнынан шығып кетті деп, Лобанцевке қызыл қағаз көрсетті. Және "Тобылға" бұл стандартты қайта орындауға мүмкіндік берді. Ал Серікжан Мужиков Алмат Бекбаевтан айласын асырып кетті.
Қостанайлық клуб бұл жеңістен кейін 25 ұпаймен екінші орынға нықтап табан тіреді. Қоржынында 17 ұпайы бар Андрей Карпович шәкірттері бесінші орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: FONBET