"Тобыл" Португалия чемпионатының өкілін алды

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
26.06.2024, 15:21

Руй Кошта енді Қостанайда доп тебеді.

"Тобыл" Португалия чемпионатының өкілін алды
Руй Кошта "Порту Б" сапында

"Тобыл" Еурокубок алдында жаңа трансфер жасады. 28 жасар шабуылшы 1-ші шілдеден бастап қостанайлық команданың жейдесін киетін болады. Айта кетейік, Руй Кошта өзінің спорттық мансабында "Фамаликан", "Фаренсе",  "Порту Б" секілді клубтардың намысын қорғаған. Форвардтың соңғы жұмыс орны - "Фаренсе" командасы. Онда Кошта 59 кездесуге қатысып, 15+5 нәтижелілігімен көзге түсті. Ал жалпы Португалия біріншілігінде 71 матч өткізген. Футболшының трансферлік құны - 500000 еуроны құрайды. Естеріңізде болса, "Тобыл" Еуропа Лигасында ел намысын қорғайды. Қостанайлықтар еурожарысты бірінші іріктеу кезеңінен бастамақ. Ондағы қарсыласы Словакияның "Ружомберок" командасы. Қостанайлық ұжым бірінші кездесуін сырт алаңда 11-шілдеде өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×