«Тобыл» Қазақстан Кубогінің екінші турында да жеңіске жетті

17.07.2021, 04:00
Зоран Тошич соңғы екі матчта үш гол соқты.
«Тобыл» Қазақстан Кубогінің екінші турында да жеңіске жетті

"Тобыл" Қазақстан Кубогінің екінші турында "Атыраумен" кездесті. Матч Қостанайдағы Орталық стадионда өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.

Ойынның 45-минутында Тони Сильва есеп ашты. Николичтің пасын ұтымды пайдаланған "Тобыл" шабуылшысы айып алаңының сыртынан жерлете соққы жасап еді, доп қарсылас ойыншысына тиіп, қақпадан табылды. 69-минутта "Атырау" қорғаушысы Виктор Дмитренко екінші ескерту қағазын алып, алаңнан қуылды. Ал 91-минутта Зоран Тошич матчтың нүктесін қойды.

Қостанайлық клуб В тобында 6 ұпаймен көш басында қала берді. Бір ұпайы бар "Мақтаарал" мен "Атырау" екінші және үшінші орындарға жайғасты. "Тараз" ең соңғы орында тұр.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×