«Тобыл» Қазақстан Кубогінің ширек финалында «Қызыл-Жармен» күш сынасты. Қостанайдағы Орталық стадионда өткен матч 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Ойындағы жалғыз әрі шешуші голды Роман Асранқұлов өз атына жазды. Қазақстандық футболшы 61-минутта қақпа алдындағы қарбалысты пайдаланып, өз командасына жеңіс сыйлады.
Қос команда арасындағы алғашқы кездесу де 1:0 есебімен қостанайлық клубтың пайдасына шешілген еді.
Біздің серіктес: FONBET