Қостанайлық «Тобыл» қазақстандық жартылай қорғаушы Владислав Васильевпен келісім-шартқа отырмақ.
Ойыншы жаңа командасына қосылу үшін Түркияға аттанды.
Соңғы бірнеше ай бойы Васильев Өзбекстан чемпионатында өнер көрсетіп, «Андижанның» намысын қорғады. Өзбекстандық клуб үшін 8 матч өткізіп, 1 гол соқты. Бірақ оның белоруссиялық «Энергетик-БГУ» клубымен жарамды келісім-шарты болды. Бірақ бұл команда футболшының кеткенін ресми түрде жариялады.
Васильев былтыр Қазақстан құрамасына тұрақты түрде шақырту алып жүрді.
Біздің серіктес: FONBET